Жалпы білім беретін орта мектептегі шетел тілі сабақтарында жеке тұлғаға бағытталған технологияларды қолдану




Кагазбаев Жанбырбай Ахметович

доцент
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан,Қарағанды қаласы


Мақала шетел тілі пәнін ана тілмен және өзге пәндермен салыстырудағы ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, шетел тілі пәнінде қолданылатын, жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың нәтижелі болуын қамтамасыз ететін өлшем-талаптарын қарастырады.

Ключевые слова: өлшем-талаптар, жоба әдісі, ынтымақтастық негізде оқыту, модульдік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту.




Библиографическое описание: Кагазбаев Ж.А., Әділбек Д. Қ., Жангабылова М. А. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАЖЕКЕТҰЛҒАҒАБАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНУ [Текст] //Современные проблемы и перспективы развития педагогики и психологии: сборник материалов 9-й международной науч.-практ. конф., (г. Махачкала, 24 января 2016 г.) - Махачкала: Издательство "Апробация", 2016 – C.42-45


Бүгінгі әралуан әрі жаңашылдыққа бейім кезеңде заманауи мектептің технологиялары И.Л.Бимнің пікірінше « мектепте шетел тілін оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне, атап айтқанда, мақсатына, мазмұнына, құрылымына, оқытудың қағидаларына»[1]әсерін тигізген,жеке тұлғаға бағытталған білім мен тәрбие берудің жаңа парадигмасына көшкендігі баршаға белгілі.Осы орайда жаңа білім беру технологиялардың шетел тілін оқыту мен үйретуде алатын орны ерекше.

Осы санаттағы технологияларға жоба әдісі (И.А.Зимняя, Е.С.Полат, Т.Е.Сахарова және т.б.), ынтымақтастықнегізде оқыту(Е.С.Полат. А.Ю.Уваров және т.б.), модульді оқыту (П.А.Юцевичене, М.А.Чошанов және т.б.), сыни тұрғыданойлауды оқужәне жазу арқылы дамыту (И.О.Загашев, С.И.Заир-Бек және т.б.) жатады. Аталмыш технологиялар өздерінің тұжырымдамалық негізі, болмысы және рәсімді бөліктерімен жаңа парадигмаға сәйкестілігімен айқындалады.

Жеке тұлғаға бағытталған технологиясын қолданатын оқытушының басты назарында – оқу іс-шарасының белсенді субъектісі және өзінің жан-жақты шығармашылық мүмкіндіктерін барынша көрсетуге талпынған, өмірлік түрлі жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдай білетін, әрі жауапкершілікті өз мойынына алып, таңдау жасай алатын, жаңа тәжірибені түсінуге бейім, бірегей тұтас оқушы тұлғасы. Сөз етіп отырған технологиялардың білім мен әлеуметтік норманы тәрбиеленушіге түсіндіруді негізге алатын дәстүрлі технологиядан айырмашылығы жеке тұлғаның жеткен жетістіктері мен алған нәтижелері оқу-тәрбие жұмысының ең басты мақсаты болып қарастырылуында. Оқушылар үшінжаңа технологиялардыңкөмегіменигерілетін пәннің болмысы жеке тұлғалықмаңыздылыққа ие болады. Сондықтанолар жеке тұлғалық тәжірибиені және тұлғалықдамудықалыптастыратын бірден бір орта болып табылады. Аталмыш технологияның қағидаты бойынша оқытушы мен оқушы психологиялық деңгейде мүдделі, оқу үдерісінде өзара қарым-қатынасы серіктестік, сыйластық сипатта болатын, тең дәрежелі белсенді субъектілері болып табылады.

Зерттеушілердің пайымдауынша, «шетел тілі» пәні ана тілімен, өзге мектеп пәндерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады(Н.Д.Гальскова, Н.И.Гез, И.А.Зимняя, А.А.Миролюбов, А.Н.Шамов және т.б.). И.Я. Зимняяның пікірінше, оқушының айналасындағы сыныптастар және ересек адамдармен жасайтын қарым-қатынастар аумағымен және айтылған айтылымдар көлемімен өлшенетін, қатысым орнату жиілігі мектеп жағдайында ана тілінің шетел тілімен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Сонымен қатар, шетел тілінде тілдесу барысында қарым-қатынас салалары тарылып, қарым-қатынасқа түсуші тараптар саны (әдетте бір адамға дейн – мұғалім) азаюы мүмкін. Бұл жағдайда өз ойын жеткізуде білімнің таяздығы себебінен ақпаратты дұрыс қабылдап түсіне алмауы, тілдік құралдардың(лексикалық,грамматикалық және фонетикалық) қолданылуы жеткілікті мөлшерде болмауы және олардың көмегімен белгілі бір ой-пікірді тұжырымдау мүмкіндігі шектеулі екендігі байқалады[2]. Шетел тілі білім берудің әрі мақсаты, әрі құралы болып та дараланады, сондықтан оның мүмкіндігін толық пайдаланған абзал.

Жоғарыда келтірілген деректерге сүйеніп, осы технологиялардың қолданылуы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін құралдарды оңтайлы қолдануда, келесідей өлшем-талаптарды атап өтуге болады.

Біріншіден, технологиялардың шетел тіліндегі тілдесімге немесе оны игерудің белгілі бір кезеңдеріне сәйкес үйлесімділігі қажет. Демек, технологиялардың нақты бір кезеңнің мақсатына жету үшін қолайлы жағдайларды тудыру мүмкіндігінің болуы.

Екіншіден, шетел тіліндегі тілдесімді игеруге қажет жеткілікті мөлшердегі тілдесім жиілігімен қамтамасыз ету мүмкіндігінің болуы маңызды. Оған жеткізу құралдары ретінде тілдесім аясын кеңейту мен жұптық, топтық және ұжымдық негіздегі жұмыстар арқылы қатысымды іске асыратын сұхбатқа қатысушылар санын ұлғайту да маңызды.

Үшіншіден, шетел тілінде тілдесу және оны қолдану көлемін кеңейту. Бұл оқушылардың жаңа әлеуметтік, тілдік және мәдениеттік тәжірибелерді игеруді қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, тілдік материалды қолдануда және белгілі бір ой-тұжырымды білдіруде қиындықтарды еңсеруге бағытталуы назардан тыс қалмау керек. Мұнда құралдар ретінде түрлі деңгейде болатын қиындықтарды азайту мен дәйектілікті арттыруда функционалдық тіректер (айтылымдар үлгілері, логикалық синтаксистік сызбалар, функционалды-семантикалық және лексикалық-грамматикалық кестелер, жоспарлар және т.б.), оқушының білім алу іскерлігін қалыптастыруға өз үлесін қосады[3].

Соңғы он - он бес жылда шетел тілі сабақтарын жүргізілуін бақылау нәтижелерін саралаудан өткізудің нәтижесінде жоба технологиясы ғана жиі қолданыс табатынын көрсетті. Себебі, бұл технология шетел тілінде тілдесуді толықтай қамтамасыз ететін барлық оңтайлы жағдайларды туғызады. Жобаны әзірлеу үдерісінде оқушылар қарым-қатынас жасай отырып, жобаны сәтті қорғау мақсатымен түрлі ақпарат көздерінен қажетті мәліметтерді іздеп, өңдеп, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін талқылауды іске асырады. Тапсырмалар мен ұсыныстар шетел тілінде берілгендіктен, оларды орындау барысы да, шетел тілі құралдарын қолданып, тілдесу жолымен жүзеге асырылады. Өзге технологиялар оқыту барысында оқушылар тарапынан туындайтын, тілдік қиындықтар мен ұйымдастырудың күрделілігі себебінен айтарлықтай жиі қолданыла бермейді. Осыған сәйкес, берілген оқыту пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды шетел тілі сабақтарына арнайы бейімдеу қажеттілігі туындайды.

Ынтымақтастық негізде оқыту технологиясында (Cooperative Learning) шағын топтың(3-6 адам) мүшелері тапсырманы тұтастай қабылдап, жеке жауапкершілікті, сондай-ақ, өзіне тиесілі тапсырма бөлігінің тұтас топтың игілігі үшін сапалы орындалу қажеттілігін сезініп, бір-біріне көмек көрсетеді. Қажетті біліктерді шыңдай отыра топтағы өзара арақатынастың оңтайлы болуына өз үлестерін қосады. Аталмыш технологияның аясында жаңа мәліметтерді алғашқы рет игеруде қолданылатын Numbered Heads Together; Inside-Outside Circle; Guess the Fib; Three-Step Interview; Pairs Check; Roundrobin амалдар тобы оң септігін тигізеді. Әр сабақта оқушылар оларды өзіндігінен орындап, жаңа материалды түсінгендігін тестілеумен айғақтайды. Бір мезетте 3-5 амалдар жүйесін қолдануға болады. Оқушылардың жаңа оқу материалды толықтай игеруіне, оны қайталайотыра бекіту мен жүйелеуге, бұрын игерілген білім кешенімен байланыстыруға Co-op, Group Discussion, Jigsaw, Group Project әдіс-тәсілдері бағытталған. Осылайша, тілдесу байланыстары аясының ұлғаюы мен кеңеюі іске асырылып,шетел тілінде қолданылатын сөз орамдары мен айтылымдар көлемі артады. Мұнын барлығы аталмыш технологияның шетел тілінде тілдесу үдерісіне сай екендігін аңғартады. Кез-келген кезеңде туындайтын қиындықтарды еңсеру үшін оған сәйкес қызмет көрсететін тіректерді даярлау қажет[3].

Модульдік оқыту технологиясын оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі ретінде дамытудың ең негізгісі деп атасақ та болады. Ол нақты оқыту мақсатымен біріктіріліп, оқытушы арнайы дайындаған модульдік бағдарламалар көмегімен оқу материалын оқушының өз бетімен игеруді ұйымдастыруға бағытталған. Осылайша, тіл дағдыларын автоматтандыру үдерісі белсенді түрде жүзеге асырылады. Сондықтан, модульдік бағдарлама 1) іскерліктің мақсаты мен күтілетін нәтижені, 2) мазмұндағы мәліметтерді, 3) оқытудың міндеттері мен оларды орындауға бағытталған нұсқаулар, мысалдар мен уақыт шегі көрсетілген жаттығулар кешенін, 4) өзін-өзі бақылау құралдарын тізбектеп, анықтап береді. Бағдарлама оқушының тек ғылыми білімнің нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ, оларға жету жолын анықтап білуін қамтамасыз етеді. Модульдік бағдарлама бойынша оқушының тапсырмалардың көбісін өздігінен орындайтындығынан, осыған сай технологияны шетел тілі сабағында сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдесу біліктерін қалаптастыру бөлімінде қолданумен ғана шектеледі. Мұндай жағдайда бұл бағдарлама оқушылардың оқу үдерісін ұйымдастарытын құрал ретінде айқындалады. Оқушыларға 1-3 тапсырмаларды орындаған соң алған нәтижелерін жұптаса немесе топтаса отырып сараптауына мүмкіндіктер жасалса, онда ауызекі тілдің қолданыс көлемі көбейтіндігі сөзсіз. Шетел тілінде тілдесуді ұлғайту мақсатында, оқушыларға оқу конференциясына, жобалар сайысына дайындалуда қажет болатын жаңа мәліметтерді табу үшін, оқушыларды танымдық әрекеттерге, нақты мақсатқа ұмтылдыратын модульдік бағдарламаны әзірлеу қажет.

Сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту технологиясы оқушыларға болашақта жемісті жұмыс атқарып, өмір сүруінің айтарлықтай сапалы болуына және жеке тұлғалық қабілеттерін шыңдауға зор үлес қосады. Оларға, біріншіден, ақпаратпен сауатты түрде жұмыс жасау білігі, мәселелерді шешудегі өз жорамалдарын ұсыну, ұқсас нұсқаларды салыстырып, дәлелді уәждер мен қорытындыларды құрастыру қабілеттері жатады. Екіншіден, өзіндік шығармашыл және сыни ойлау біліктерін, өзін қоршаған шынайы өмір жағдайында игерілген білімін қалайша тиімді пайдалану қажеттігін саралау; тың ой-пікірді білдіре білу қабілеттері де қамтылады.

Жоғарыда келтірілген қабілеттерді дамыту үшін оқушылардың ой-пікір мен толғамын туғызатын, қандай да бір мәселені қарастыратын мәтіндермен үш кезеңде жұмыс жасауға болады. Алғашқы ой тамызық кезеңі оқушыларды берілген мәселе жайлы білетін мәліметтерімен бөлісіп, оларды жүйелей отырып, алдағы кезеңдерде не жайлы білгісі келетіндігін анықтауға жігерлендіреді. Ол үшін келесідей “Білем – білгім келеді - білдім” кестесінің алғашқы екі өрісін толтыру, шатастырылған логиқалық тізбектерді қалпына келтіру мен “BrainStorming” әдістері қолданылады[4].

Іс-әрекет кезеңінде оқушылар белсенді оқу әдістерін қолданып, мәселе жайлы жаңа мәлеметтер алу, жазушының негізгі ойын түсіну, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ерекшелігі мен кемшіліктерін айкындау мақсатымен мәтінмен жұмыс жасауды бастайды. Осы сатыда бірінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап беру,сызбалар мен диаграммаларды толтыру, өзара сұрақ қою және т.б. қолданылады.

Рефлексия кезеңі оқушылардың жаңадан қабылдаған мәліметтерін өмірлік тәжірибедегі қордаланған мәліметтермен салыстырып, қажет болған жағдайда өзгешеліктер мен түзетулер енгізу, өз ой-тұжырымын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізуді қамтиды. Осы ретте топтық жарыссөздер, синквейн, жауапты қажет ететін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар, оқушының сыныптастары алдында өз шығармасын оқып, кейін олармен бірге оның мазмұны мен құрылымы жайлы пікір алмасуға мүмкіндік беретін “авторлық орындық” секілді технологияларды атап өтуге болады. Оқушылардың шетел тілі сабағында айтарлықтай ой-пайымы белсенді сипат алу үшін, сөйлеу білігінің жеткілікті деңгейде дамуы шарт. Нәтижесінде оқушылар түрлі бағыттағы жарыссөздерге қатысып, жазбаша зерттеу жұмыстарын орындау үшін танымдық іс-әрекеттерді жетілдіру бағытындағы тапсырмаларды орындай білуі керек.

Қорыта айтқанда, жеке тұлғаға бағытталған технологиялар жасанды тілдік білім беру ортаны шетел тілін қолдану мен меңгерудің табиғи қалпына жақындатудың бірден бір құралы болып табылады деп айтуға толық негіз бар.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.   Бим И.Л. Модернизация структуры и содержания школьного языкового образования //Иностр. языки в школе. – 2005. – №2. – С.2-6.

2.   Зимняя И.Я.Психология обучения иностранным языкам в школе. – М.: Просвещение, 1991.

3.   Куклина С.С. Использование личностно-ориентированных технологии на уроках иностранного языка в общеобразовательной школе //Иностр. языки в школе. – 2011. – №3. – С.6-12.

4.   Kagazbaev Zh., Abilova A.Kh. Language teaching through critical thinking: teaching critical listening // Вестн. КарГУ. – Сер. Педагогика. – №1(53) /2009. – С.139-144.

Предстоящие заочные международные научно-практические конференции
XVII Международная научно-практическая конференция «Теоретические и практические проблемы  развития современной науки»
XVII Международная научно-практическая конференция «Теоретические и практические проблемы развития современной науки»
XVIII Международная научно-практическая конференция «Научный поиск в современном мире»
XVIII Международная научно-практическая конференция «Научный поиск в современном мире»
XIX Международная научно-практическая конференция «Научный поиск в современном мире»
XIX Международная научно-практическая конференция «Научный поиск в современном мире»